Туризм
Астана–Павлодар: жаңа әуе бағыты қашан іске қосылады?
1 қыркүйектен бастап VIETJET QAZAQSTAN Астана–Павлодар–Астана бағыты бойынша рейстерді іске қосады.

Рейстер аптасына төрт рет – сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері орындалады.
Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшақ Астанадан 07:50-де ұшып, Павлодарға 09:15-те қонады. Кері рейс 09:40-та ұшып, елордаға 11:00-де жетеді.
Жексенбі күні рейс Астанадан 17:15-те ұшып, Павлодарға 18:40-та қонады. Кері рейс 19:05-те ұшып, Астанаға 20:25-те жетеді.
Жаңа бағыт Павлодар тұрғындарының елордаға қатынауын жеңілдетіп, өңірдегі әуе байланысын кеңейтуге мүмкіндік береді.



