ӘлемТуризм

Астанада ресторан бизнесіне арналған CHEF DAYS SHOW 2026 форумы өтеді

 

3–4 қараша күндері Астанада CHEF DAYS SHOW 2026 халықаралық ресторан форумының бағдарламасы ұйымдастырылады.

Іс-шара ресторан бизнесінің өкілдерін, кәсіби аспаздарды, кәсіпкерлер мен сала сарапшыларын бір алаңға жинайды.

Форум бағдарламасына көрме, танымал аспаздардың шеберлік сабақтары, ресторан бизнесін дамытуға арналған оқыту сессиялары және сарапшылармен пікір алмасу кіреді.

3 қарашадағы бағдарламада ресторан бизнесінің қазіргі жағдайына арналған пленарлық сессия, салық мәселелері, қаржылық басқару және кәсіпорынның табысын арттыру тақырыптары қарастырылады.

Ұйымдастырушылар екі күндік форум аясында 8 шеф-аспаздың шеберлік сабақтарын және 17-ден астам сарапшының қатысуын жоспарлаған.

Іс-шара туралы:

Күні: 3–4 қараша 2026 жыл

Уақыты: 10:00–20:00

Өтетін орны: Radisson Hotel Astana

Мекенжайы: Сарыарқа даңғылы, 4

Билет құны: 27 500 теңгеден бастап

Жас шектеуі: 16+

Форум ресторан саласында жұмыс істейтін мамандарға, кәсіпкерлерге және осы бағытта бизнес бастауды жоспарлаған жандарға арналған. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button