ӘлемБасты жаңалық

Қазақстанның ұлттық киімі «Әлем аруы – 2026» байқауында үздік 15 образдың қатарына енді

Қазақстан атынан «Әлем аруы – 2026» байқауына қатысып жатқан Алина Ри ұлттық киім үлгісін таныстырып, халықаралық назарға ілікті.

«Алтын бүркіт: Қазақстан рухы» деп аталатын образ байқаудың ұлттық киімдер көрсетілімінде үздік 15 образдың қатарына енген. Бұл туралы «Қазақстан аруы» байқауының директоры Рамина Ибрагимова хабарлады.

SV Muse отандық бренді әзірлеген костюм бүркіттің қанаттары мен алтын түсті сәндік элементтермен безендірілген. Киімнің салмағы 30 келіге жуық, ал құны 5 миллион теңгеден асады.

Ұйымдастырушылар бұл нәтижені Қазақстан үшін маңызды жетістік деп бағалап отыр. «Әлем аруы – 2026» байқауының финалы Пуэрто-Рикода өтеді. Қазақстан уақытымен финалдық көрсетілім 25 қараша күні таңертең жоспарланған. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button