Білім
Астаналық мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызған
Елордадағы мектеп мұғалімі пайдаланылған 7 мыңға жуық кітаптан ерекше мұнара жасап шықты. Инсталляцияның басты ерекшелігі – оның шексіздік әсерін тудыратын сәулеттік пішіні.
Жоба ескі кітаптарға екінші өмір беріп қана қоймай, оқырмандардың назарын кітап мәдениеті мен білімнің маңыздылығына аударуды көздейді.
Ерекше туынды Астанадағы мәдени-ағартушылық бастамалардың бірі ретінде көпшіліктің қызығушылығын тудырды.



