Қоғам
Әуежайда орынсыз әзіл айтқан жолаушыға 86,5 мың теңге айыппұл салынды
Астана – Дубай бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғыны әуежай қызметкерінің тыйым салынған заттардың бар-жоғы туралы сұрағына әзілдеп «қаруым бар» деп жауап берген.
Оның сөзі қоғамдық тәртіпті бұзу және айналасындағылардың тыныштығына нұқсан келтіру ретінде бағаланған. Сот жолаушының бұрын құқық бұзушылық жасамағанын және жасының кішілігін ескергенімен, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Нәтижесінде оған 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Бұл жағдай әуежайдағы қауіпсіздік мәселелеріне қатысты кез келген әзілдің салдары болуы мүмкін екенін тағы бір мәрте көрсетті



