Басты жаңалықҚоғам
Астананы қанша камера бақылап отыр?
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және түрлі оқиғалардың алдын алу мақсатында 60 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олар Smart City жүйесіне біріктіріліп, жасанды интеллект көмегімен қаладағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

Жүйе түтін мен өрт белгілерін, адамдардың шамадан тыс шоғырлануын және басқа да ықтимал оқиғаларды анықтай алады. Бұл тиісті қызметтердің жағдайға жедел назар аударып, қажетті шараларды қабылдауына көмектеседі.
2026 жылдың алғашқы жартысында жүйе 2,5 мыңнан астам оқиғаны өңдеген.
Цифрлық технологияларды қолдану қалалық инфрақұрылымды басқаруға, қоғамдық орындардағы жағдайды бақылауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.



