Kaspi.kz қосымшасында салық режимін қалай ауыстыруға болады: қысқа нұсқаулық

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Енді 1 жалпыға ортақ салық салу тәртібі және 3 арнайы режим бар:
– өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
– оңайлатылған декларация негізінде;
– шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
Маңызды:
Егер сіз оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы режимге өтуді жоспарласаңыз, 2026 жылғы 1 наурызға дейін міндетті түрде хабарлама беруіңіз керек. Әйтпесе, автоматты түрде жалпыға ортақ режимге ауыстырыласыз.
Kaspi.kz арқылы қалай ауыстырамыз?
Бар болғаны бірнеше қадам:
Kaspi.kz қосымшасына кіріңіз
«Мемқызметтер» бөліміне өтіңіз
«ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту» қызметін таңдаңыз
Қажетті салық режимін белгілеңіз болды.
– Мәліметтер мемлекеттік органдар базасында 24 сағат ішінде жаңарады
– Салық режимі өзгергені туралы хабарлама келеді
– Салық органына бөлек барудың қажеті жоқ
Жылдам, онлайн, қосымша құжатсыз, кезексіз;
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзенің сөзінен:
2025 жылы Kaspi.kz арқылы 90 млн-ға жуық міндетті төлем жасалған. Енді сервис жаңа Салық кодексіне толық бейімделіп, кәсіпкерлерге салық режимін қосымшада-ақ оңай таңдауға мүмкіндік беріп отыр.
💡 Лайфхак:
Наурызды күтпей, салық режимін қазір-ақ ауыстырып қойыңыз, артық мәселеден құтыласыз.



