Астанада кәсіпкерлерге салық режимін растау қажеттігі ескертілді

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы салық режимдерін қолданған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 28 ақпанға дейін таңдаған салық салу режимі туралы хабарлама жолдауы тиіс.
Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, егер аталған хабарлама уақтылы ұсынылмаса, кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауыстырылады немесе жеке кәсіпкер ретінде есептен шығарылады.
Хабарламаны қалай тапсыру керектігі жөніндегі толық нұсқаулық профильдің «Актуалды» бөліміндежарияланған.
Бұған дейін Қазақстанда оңайлатылған салық режимі бойынша хабарламаны қашан және кімдер тапсыруы қажет екені айтылған болатын. Бұл рәсімді 2026 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығындағы өтпелі кезеңдеорындау қажет.
Айта кетейік, қазіргі таңда 138 мың қазақстандық өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелген.



