Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым әдет — үлкен капитал

Елестетіп көрейік: бүгін 50 000 теңгемен депозит ашып, жылдық 15% мөлшерлемемен оны ай сайын тағы 50 000 теңгеден толықтырып отырсаңыз не болады? Нәтижесі таңғалдырады — 15 жылдан кейін депозиттегі қаражат көлемі 33 893 154 теңгеге жетеді.
Бір қарағанда, «инфляция бар ғой» деген ой тууы мүмкін. Алайда бұл мысалдағы басты құндылық инфляцияда емес. Ең маңыздысы — сіз осы 15 жыл ішінде өз қалтаңыздан бар болғаны 9 000 000 теңге ғана саласыз. Ал қалған 24 843 154 теңге — депозиттің «өздігінен жұмыс істеген» ақшасы, яғни күрделі пайыздың нәтижесі.
Күрделі пайыз деген не? Бұл — депозитке есептелетін пайыз тек бастапқы салымға ғана емес, бұрын жиналған пайыздарға да қосылып есептелетін жүйе. Көпшілік оны капитализация деп біледі.
Қарапайым мысалмен айтсақ, 1 қаңтарда 50 000 теңгемен депозит аштыңыз. 1 ақпанға қарай шамамен 640 теңге пайыз түсті де, сіз тағы 50 000 теңге қостыңыз. Ал 1 наурызда пайыз енді тек 100 000 теңгеге емес, оған қоса жиналған 640 теңгеге де есептеледі. Сол себепті табыс көлемі біртіндеп өсіп отырады.
Экономист Джон Кейнс бұл құбылысты «күрделі пайыздың магиясы» деп атаған. Себебі уақыт өткен сайын салатын сомаңыздың маңызы азаяды да, негізгі рөлді дәл осы күрделі пайыз атқара бастайды.
Осыдан шығатын қорытынды біреу: жинақта ең маңыздысы — бірден көп ақша салу емес, уақыт пен тұрақтылық. Аз-аздан болса да, үзбей жинау әлдеқайда тиімді. Сондықтан қаржы жинауды мүмкіндігінше ертерек бастаған дұрыс.
Тағы бір пайдалы лайфхак — пайыздың күн сайын капитализациялануы. Мұндай жағдайда пайыздар күн сайын есептеліп, сол сәттен бастап қайтадан табыс әкеле бастайды. Күрделі пайыздың әсері дәл осы кезде айқын сезіледі.
Осы қағидамен Home Credit Bank ұсынатын «Сберегательный Хоум +» депозиті жұмыс істейді. Мұнда күнделікті капитализация қарастырылған, ал жылдық мөлшерлеме 15%-дан 20%-ға дейін (ГЭСВ). Депозитті небәрі 1000 теңгеден бастап ашуға болады.
Депозитті 3, 6 немесе 12 айға home.kz қосымшасы арқылы немесе банк бөлімшелерінде ашуға мүмкіндік бар. Қалаған уақытта, ешқандай шектеусіз толықтыруға болады. Сонымен қатар Home Credit Bank-тегі барлық жинақ депозиттері Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы 20 миллион теңгеге дейін сақтандырылған.
Ақша жинау — бір күндік шешім емес, ұзақ жол. Ал бұл жолдағы ең басты құрал — уақыт пен күрделі пайыздың күші.



