Экономика

Астанада «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда

 

Астанада «Халық бухгалтері» акциясы өтіп жатыр. Игі жоба аясында қала тұрғындары салық және бухгалтерлік есепке қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға тегін әрі жан-жақты жауап ала алады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, акция жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуге бағытталған. Негізгі мақсат – кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыру және салық саласына қатысты мәселелерді дер кезінде шешуге көмектесу.

Жоба 2026 жылдың қаңтар айында басталған. Бүгінге дейін мемлекеттік кірістер органдарының мамандары мен кәсіби бухгалтерлер 3 мыңнан астам астаналыққа кеңес берген.

Мамандардың айтуынша, мұндай форматтағы кездесулер кәсіпкерлерге есеп жүргізу барысында жиі кездесетін қателіктердің алдын алуға, заңнамадағы өзгерістерді түсінуге және есептілікті дұрыс тапсыруға мүмкіндік береді.

Қаңтар-ақпан айларында консультациялар аптасына үш рет өткізілсе, наурыз айынан бастап аптасына екі рет ұйымдастырылып келеді.

Кеңес беру орындарының нақты мекенжайлары ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған: @astana_mkd_dgd_astana.

«Халық бухгалтері» акциясы 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button