Білім

SAT-тан жоғары балл алғың келе ме? Тегін ЖИ-тренажер іске қосылды

Шетелде оқуды армандайтын қазақстандық оқушылар күшті жаңалық. Енді SAT-ға дайындалу үшін қымбат курс пен репетитор іздеудің қажеті жоқ, себебі  SAT емтиханына арналған тегін жасанды интеллект тренажері іске қосылды. Жоба http://Smartestprep.com   платформасында қолжетімді.

Бұл жай ғана тест жинағы емес. Платформа нағыз SAT атмосферасын жасап, әр оқушының әлсіз тұсын анықтап, жеке дайындық жоспарын ұсынады. Басқаша айтқанда — сен үшін жұмыс істейтін «ақылды репетитор».

Тренажер ішінде College Board базасынан алынған 3 000-нан астам тапсырма бар. Барлығы SAT-тың нақты форматына сәйкес жасалған. Math пен Reading & Writing бөлімдерін толық қамтиды.

Ең қызығы — жүйе сенің қателіктеріңді жай ғана көрсетпейді. Жасанды интеллект қай тақырыптан қиналатыныңды талдап, дәл сол бағытта қосымша тапсырмалар береді. Яғни уақытты босқа жоғалтпайсың.

Платформа интерфейсі де шынайы емтихан форматына ұқсас:

  • таймер;
  • цифрлық SAT құрылымы;
  • кіріктірілген калькулятор;
  • деңгей бойынша тапсырмалар;
  • прогресті бақылау жүйесі.

Мұның бәрі емтихан күні стресс азайып, форматқа алдын ала үйренуге көмектеседі.

Бұрын SAT дайындығына жүздеген мың теңге кететін. Қазір сол мүмкіндіктің бір бөлігі кез келген оқушыға ашық. Әсіресе ауылдағы немесе қосымша курсқа бара алмайтын оқушылар үшін бұл үлкен мүмкіндік.

Smartestprep компаниясының бас директоры Лаура Вайгорова айтуынша, мақсат — сапалы дайындықты Қазақстанның барлық өңіріне жеткізу.

Сарапшылар мұндай платформалар алдағы уақытта білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуі мүмкін дейді. Өйткені жасанды интеллект әр оқушыға жеке тәсіл ұсынып, кімнің нені түсінбей жүргенін нақты анықтай алады.

Бір нәрсе анық: енді SAT-ға дайындалу бұрынғыдай қиын әрі қымбат болмайды. Ал жоғары балл алу мүмкіндігі жеңілдейтін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button