Басты жаңалық
Енді Қазақстанның Мемлекеттік туын балконға ілуге тыйым жоқ
Қазақстан Үкіметі Мемлекеттік туды пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Енді туды балкондарға, жеке тұрғын үйлерге және автокөлік салондарына ресми түрде орналастыруға рұқсат етіледі.

Қазақстан Үкіметі Мемлекеттік туды пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді.
Енді қазақстандықтар Мемлекеттік туды балкондарға, жеке тұрғын үйлерге және автокөлік салондарына ресми түрде орналастыра алады.
Балконға ілінетін туға арнайы талап қойылған: ол 45 градус бұрышпен орналастырылуы тиіс.
Сонымен қатар бұрынғы шектеулер сақталады. Мемлекеттік туды жарнамада пайдалануға және киім ретінде қолдануға бұрынғыдай тыйым салынады.
Өзгерістер мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына енгізілді.



