Туризм

Астана мен Арқалық арасында интернеті бар жаңа пойыз жүре бастады

Астана мен Арқалық арасында №225/226 жаңа жолаушылар пойызы қатынай бастады. Пойыз 2025 жылы жасалған 6 жаңа вагоннан тұрады. Оның 3-еуі — купе, 3-еуі — плацкарт. Пойыз 250-ден астам жолаушыға арналған.

Жаңа вагондарда кондиционер, қауіпсіздік жүйесі, USB порттары, электр розеткалары және жеке жарық бар.

Пойыздың басты ерекшелігі — Starlink спутниктік интернеті. Жолаушылар жол бойы интернетті пайдалана алады. Қазір іске қосу кезеңінде интернет тегін беріледі. Әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге және видеосервистерге кіруге болады.

Пойыз бағыты: Астана (Нұрлы жол) – Жалтыр – Атбасар – Жақсы – Есіл – Державинка – Арқалық.

Пойыз күнара қатынайды. Билеттерді ресми сайттан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button