Туризм

Астана әуежайы жолаушылар ағыны бойынша тарихи рекорд орнатты

Астана халықаралық әуежайы 2026 жылғы шілдеде жолаушылар ағыны бойынша тарихи рекорд орнатты. Бір ай ішінде әуежай қызметін пайдаланғандар саны алғаш рет 1 миллионнан асты.

Жолаушылар ағынының өсуіне жаңа халықаралық бағыттардың ашылуы мен рейстер жиілігінің артуы әсер етті. Биыл Ларнака, Ұлан-Батыр, Гуанчжоу, Ереван және Даламан бағыттары іске қосылып, халықаралық маршруттар саны 47-ге жетті.

Әуежай маршруттық желіні кеңейтіп, инфрақұрылымды жаңғырту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарын жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button