Ауыл — тек егістік емес: Солтүстік Қазақстандағы «Ауыл» кездесулеріндеқандай мәселелер сөз болды
Үйдегі ауызсу, жергілікті кәсіпорынның жұмысы, ветеринариялыққауіпсіздік, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өңірде тұрақтап еңбекететін мамандар. Бір қарағанда әртүрлі көрінетін осы мәселелердің бәріауылдағы өмір сапасын айқындайды. Олардың барлығы «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылып, партия төрағасыҚайрат Айтуғанов пен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың СолтүстікҚазақстан облысына жұмыс сапары барысында нақты талқылауға арқауболды.
Сапар аясында «Фирма Алекри», «Молсервис» кәсіпорындары, Якорь ауылындағы ветеринариялық пункт және «Есіл Су» филиалы қамтылды. Қайрат Айтуғановпен бірге кездесулерге кандидаттар Рабиға Тоқсейітова, Қанат Асқаров, Ольга Клишина, Владимир Киян, Диляра Жұмағұлова жәнеАлександр Разинков қатысты.
Жергілікті жерде көтерілген мәселелердің бұл сапар барысында ғанапайда болған жекелеген бастамалар емес екенін атап өткен жөн. Отандықөндіріс пен өңдеуді қолдау, ауылдық аумақтарды дамыту, азық-түлікқауіпсіздігін нығайту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, аграрлық ғылымды дамыту және ауылдыбілікті мамандармен қамтамасыз ету — «Ауыл» партиясының сайлауалдыбағдарламасында айқындалған бағыттар. Солтүстік Қазақстан облысындағыкездесулерде партия өкілдері осы бастамалардың кәсіпорындар, сала мамандары мен тұрғындардың нақты сұранысына қаншалықты сай келетінінталқылады.
Өз өнімімізді өндіру — сыртқы факторларға тәуелділікті азайту
Кездесулердің бірі Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі құсшаруашылығы кәсіпорны — «Алекри» ЖШС-де өтті. Мұндағы әңгіме біршаруашылықтың мәселесімен шектелген жоқ. Ұжыммен бірге отандықөндірушінің қазіргі өндіріс көлемін сақтап қана қоймай, әрі қарай дамуыүшін не қажет екені сөз болды. Қаржыландыруға қолжетімділік, өнімдіөңдеу, тұрақты жұмыс жағдайы және өткізу нарығы негізгі мәселелердіңқатарында болды.
Өңірде отыз жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқанкәсіпорын жергілікті халықты жұмыспен қамтып, отандық өнім шығарыпкеледі. Партия мұндай өндіріс орындарын елдің азық-түлік қауіпсіздігінқамтамасыз ететін маңызды буындардың бірі деп санайды. Ел ішіндеөндіріліп, өңделетін өнім көлемі артқан сайын ішкі нарықтың да тұрақтылығы күшейе түседі.
Нақты секторды қолдау, өңдеу саласын дамыту және отандықөндірушіге қолайлы жағдай жасау — «Ауыл» партиясының сайлауалдыбағдарламасындағы жеке бағыттардың бірі. Партия бұл міндеттердіагроөнеркәсіп кешенін дамытумен ғана емес, өңірлердегі жұмыспен қамту, жергілікті экономиканың өсуі және отандық өнімнің қолжетімділігімен де байланыстырады.
Бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырған Қайрат Айтуғановөңірлерде нақты өнім өндіріп, жұмыс орындарын ашып отырғанкәсіпорындарға қолдау көрсету қажеттігіне назар аударды.
Осы тұрғыда кездесулерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушігеберілетін тікелей қолдаумен ғана шектелмей, өндірістің келесі сатысы — өңдеу мәселесі де кеңінен сөз болды. Егер шикізат бір өңірде өндіріліп, оны өңдеу үшін жүздеген шақырым жерге тасымалданса немесе шетелгешығарылса, қосылған құнның едәуір бөлігі де сол жақта қалады. Сондықтанжергілікті жерлерде өңдеу кәсіпорындарын дамыту — жаңа жұмысорындарына, жергілікті бюджет кірісіне және дайын өнімнің бағасынатікелей әсер ететін мәселе.
Ветеринария — азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды бөлігі
Сапардың тағы бір бағыты Якорь ауылындағы ветеринариялық пункт болды. Мұнда көп жағдайда кең қоғамдық талқылауға шыға бермейтін, бірақмал шаруашылығының тұрақтылығына тікелей әсер ететін мәселелеркөтерілді.
Сала мамандарымен ветеринариялық қауіпсіздік, ғылым мен тәжірибенің сабақтастығы, кадрмен қамтамасыз ету жайы талқыланды. Ауылдық аудандар үшін маман тапшылығы әлі де өзекті. Ветеринардыдаярлау жеткіліксіз — жас маманның ауылға барып еңбек етіп, сол жердеөмірін жалғастыруына жағдай жасау қажет.
Бұл мәселелер де партия бағдарламасында көрініс тапқан. «Ауыл» білім мен ғылымды нақты экономикамен тығыз байланыстыруды, өңірлергеқажетті мамандар даярлауды және кадрлардың ауылда тұрақтап жұмысістеуіне жағдай жасауды ұсынады.
Бұл жерде ғылым мен өндірістің байланысы теориялық ұғым емес, нақтықажеттілікке айналады. Диагностика мен аурудың алдын алудың жаңаәдістері, селекция мен мал ұстаудағы заманауи тәсілдер ғылыми ортада ғанақалып қоймай, нақты шаруашылыққа дейін жетуі тиіс.
Су — тұрмыстық мәселе ғана емес, тіршіліктің инфрақұрылымдықнегізі
«Есіл Су» филиалының ұжымымен кездесуде ауылдың тартымдылығымен қалыпты тұрмысын қамтамасыз ететін ең негізгі мәселенің бірі — сапалы әрі тұрақты сумен жабдықтау жайы қозғалды.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту, сумен жабдықтау және су бұружүйелерін жаңғырту, су ресурстарын ұтымды пайдалану да партияныңсайлауалды бағдарламасына енгізілген. «Ауыл» үшін инфрақұрылымдыдамыту — қала мен ауыл арасындағы өмір сапасындағы алшақтықтыазайтудың басты шарттарының бірі.
Қайрат Айтуғанов судың стратегиялық ресурс екенін атап өтіп, жаңанысандар салумен қатар қолданыстағы желілерді жаңғырту, су шығыныназайту және суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру қажеттігіненазар аударды.
Кандидат Қанат Асқаров су ресурстары мен ауылдық аумақтардыңэкономикалық дамуы арасындағы тікелей байланысты атап өтті:
«Ысырап болған әрбір текше метр су — ауылдың, өндірістің жәнеауыл шаруашылығының дамуына берілмей қалған мүмкіндік».
Ольга Клишина мәселенің әлеуметтік қырына тоқталды:
«Отбасы үшін су — жай ғана ресурс емес. Ол — баланың денсаулығы, қалыпты тұрмыс және туған ауылында өмір сүріп, еңбек ету мүмкіндігі».
Кәсіпорын қызметкерлерімен инженерлік желілерді жаңғырту, коммуналдық инфрақұрылымның тозуы, саладағы кадр тапшылығы жәнехалыққа өмірлік маңызы бар коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардықолдау тетіктері талқыланды.
Бір бағдарлама — өңірлердегі сан түрлі мәселе
Солтүстік Қазақстан облысына сапар көбіне бөлек қарастырылатынмәселелердің шын мәнінде бір-бірімен қаншалықты тығыз байланыстыекенін көрсетті.
Сусыз ауылдағы жайлы өмір туралы айту қиын. Ветеринариялыққызметсіз мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Өңдеусіз толыққандыаграрлық экономика қалыптаспайды. Кәсіпорынсыз жұмыс орны болмайды. Ал білікті мамансыз осы жүйелердің ешқайсысы тұрақты дами алмайды.
Сондықтан «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұлбағыттар бір-бірінен бөлек емес, өңірлерді дамытудың біртұтас жүйесіретінде қарастырылады. Өндіріс, инфрақұрылым, кадр, ғылым, ауылшаруашылығы мен халықтың өмір сапасы қатар дамуы керек. Бір саладағыөзгеріс қалған бағыттармен ұштаспаса, оның нәтижесі де толық болмайды.
Сапар барысында партия өкілдері бағдарламалық ұсыныстардыжергілікті жердегі нақты ахуалмен салыстырып, олардың өндіріс орындары, коммуналдық кәсіпорындар, ветеринария мамандары мен ауылтұрғындарының сұранысына қаншалықты жауап беретінін саралады.
Кездесулерде айтылған ұсыныстарды партия алдағы уақыттабағдарламаны іске асыру барысында ескеруге ниетті.
Өңірлік саясаттағы негізгі өлшемнің бірі де осы: бағдарламаныңшынайы құны адамның күнделікті өміріндегі нақты сұрақтарға жауап береалуымен айқындалады. Үйінде су бола ма? Жергілікті кәсіпорындағы жұмысорны сақтала ма? Ауылға қажетті маман келе ме? Отандық өндіруші ертеңгікүнін сеніммен жоспарлай ала ма?
Осындай сұрақтарға нақты жауап болғанда ғана өңір дамуының мәніашылады.
Шығарған ұйым: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Тапсырыс беруші: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Төленді: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қорының қаражаты есебінен.

