Туризм

Бурабайда «Pana Sayakhat» эко-көлік жүйесі сынақтан өтуде

Бурабай курортында туристерге арналған жаңа су көлігі сервисі — «Pana Sayakhat» жобасының пилоттық кезеңі басталды.

Жобаның алғашқы бағыты Айнакөл – Болектау станцияларын байланыстырады. Алдағы уақытта аралық аялдамалары бар сақиналы маршрутты іске қосу жоспарланып отыр.

Жаңа жүйенің негізгі мақсаты — ұлттық парк аумағындағы көлік жүктемесін азайтып, туристерге экологиялық таза балама ұсыну. Жоба аясында электр қуатымен жүретін өзен трамвайлары, айлақтар, зарядтау орындары және көлікті қалдыруға арналған перехваттық тұрақтар қарастырылған.

Туристер автокөлігін арнайы тұраққа қалдырып, курорт аумағында қоғамдық экологиялық көлікпен қозғала алады.

Жоба аясындағы билет бағасы:

  • ересектерге — 3000 теңге;
  • балаларға — 1500 теңге;
  • жеңілдік санаттарына — 50% жеңілдік.

Билеттерді QazTravel мобильді қосымшасы арқылы онлайн немесе станциядан сатып алуға болады.

Пилоттық кезең барысында маршруттың тиімділігі, қауіпсіздік талаптары және жолаушылар ағыны бағаланып, кейін су көлігі желісін кеңейту жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button