Басты жаңалықДенсаулық
Қазақстанда енді емханаңызбен қоштасу үшін күзді күтпейсіз

12 қыркүйектен бастап басқа медициналық ұйымға жылдың кез келген уақытында тіркелуге болады. Ал емханаға тіркелудің қыркүйек пен қараша аралығындағы жыл сайынғы науқаны ережеден алынып тасталды.
Дегенмен еркіндік толық емес: өз қалауыңыз бойынша емхананы күнтізбелік жылына бір рет қана ауыстыра аласыз.
Сондықтан таңдағанда мұқият болған жөн. Енді есікті қаңтарда да тарс жабуға болады, бірақ келесі емхананы таңдағанда «ұзақ қарым-қатынасқа» дайын болғаныңыз дұрыс.



