Астанада туризм саласының мамандары бас қосты
Астанада туризм саласының өкілдерін бір алаңға жинаған «САЯХАТ 2026» Kazakhstan Travel Forum халықаралық туристік форумы өтті. EXPO халықаралық көрме орталығында ұйымдастырылған шара биыл «Қауіпсіз туризм» тақырыбына арналды.
Форумға мемлекеттік органдар, туристік компаниялар, әуе тасымалдаушылары мен халықаралық серіктестер қатысты. Бір күндік бағдарлама барысында мамандар туризмдегі жаңа үрдістерді, технологиялардың рөлін, қызмет көрсету сапасын және саяхатшылардың қауіпсіздігін талқылады.
Панельдік сессияларда жауапты бизнес, ұйымдастырылған туризмнің жаңа форматы, сервисті дамыту және сала мамандарының құзыретін арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар KOMPAS Touroperator, Selfie Travel, Air Astana, FUN&SUN Kazakhstan секілді компаниялар халықаралық бағыттар мен жаңа туристік өнімдерін таныстырды.
Шара барысында бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойылып, туризм саласындағы әріптестікті дамытуға бағытталған жаңа бастамалар таныстырылды.
Форум аясында «Kazakhstan Tourism» ұйымдастырған «Үздік туристік ауыл – 2026» марапаттау рәсімі де өтті.
«САЯХАТ 2026» форумын ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.



