ӘлемҚоғам

Air Astana-дағы «Жас Қыран» бағдарламасы

✈️ Air Astana-да «Жас Қыран» атты керемет бағдарлама бар екенін білесіз бе?

Егер балаңыз спортпен, музыкамен кәсіби деңгейде айналысса немесе халықаралық олимпиадаларға, байқаулар мен жарыстарға қатысса, оған барып-қайтуға тегін әуе билетін алуға мүмкіндік бар.

Ең қызығы, тегін билет баламен бірге жүретін бір адамға да беріледі. Ол ата-анасы, жаттықтырушысы немесе мұғалімі болуы мүмкін.

Бағдарлама 7–18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған.

Бұл әсіресе спорттық жарыстар мен шығармашылық байқауларға жиі қатысатын балалардың ата-аналары үшін пайдалы мүмкіндік.

📌 Маңызды шарттар:

  • Өтінім мен қажетті құжаттарды іс-шараға дейін кемінде 2 ай бұрын жіберу керек.
  • Өтінімдер ай сайын 1–25 аралығында қабылданады.
  • Өтінімді мына электрондық поштаға жіберу қажет: zhaskyran@airastana.com

Балаңыздың жетістіктері жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button