
Тегін жеткізу кезінде тауар құнына 16% ҚҚС қосылады, ал карго арқылы жеткізгенде оның салмағы үшін төлеу керек. Біз Threads-тегі адамдардың өз шығындарымен бөліскен жазбаларын қарап, екі тәсілді салыстырдық.
1-мысал: 300 юань тұратын кроссовканың жалпы құны тегін жеткізу және 16% ҚҚС-пен бірге шамамен 23 700₸ болады Ал карго арқылы тапсырыс берсеңіз, құны шамамен 22 200₸ шығады. Яғни, карго арқылы жеткізу ~1500₸-ге тиімдірек.
2-мысал: 428 юань тұратын жаңа жылдық шырша (~30 000₸) тегін жеткізумен (+16% ҚҚС) шамамен 35 900₸ тұрады. Ал карго арқылы жеткізгенде шамамен 57 000₸ шығады. Бұл жағдайда ҚҚС қосылған тегін жеткізуді таңдау шамамен 21 000₸-ге тиімдірек.
Қорытынды:
→ Көлемді немесе ауыр заттарға тегін жеткізу арқылы тапсырыс берген тиімдірек
→ Шағын әрі жеңіл заттарды карго арқылы жеткізген арзанырақ. Төлем жасамас бұрын екі әдістің құнын салыстырып көрген жөн.
Біз Pinduoduo бойынша тегін курсымызды жаңа өзгерістерді ескере отырып жаңарттық. Оны 👉 мына сілтемеден оқи аласыздар.
Айтпақшы, Pinduoduo-дағы бағаларды бірден теңгемен көруге болады. Ол үшін баптауларға кіріп → глобус белгісін басыңыз → ел мен тілді таңдау бөліміне өтіңіз.



