Қоғам
Тәуелсіздік сарайының маңында өрт сөндіру жаттығулары өтеді

24 қараша күні сағат 10:00-де елордадағы Тәуелсіздік сарайында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Іс-шараға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен арнайы техникасы жұмылдырылды.
Жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезінде өрт сөндірушілердің дайындығын тексеру, жедел қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау және адамдарды құтқару дағдыларын жетілдіру.
ТЖД өкілдері тұрғындар мен қала қонақтарын арнайы техниканың қозғалысына байланысты алаңдамауға және жалған ақпарат таратпауға шақырды.



