Қоғам

Мұз үстіне шығып, айыппұл арқалап қалмаңыз!

Астанада күн суытып, су айдындарына мұз қата бастауына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазір елордадағы су айдындарының маңына 270 ескерту белгісі орнатылып, 152 бейнебақылау камерасы тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Құтқарушылар жағалауларды патрульдеп, полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, апта сайын профилактикалық рейдтер өткізуде.

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, бір адамның мұз үстінде жүруі үшін мұздың қалыңдығы кемінде 10 сантиметр, ал бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін кемінде 25 сантиметр болуы тиіс.

Мұз қату және еру кезеңінде, қараңғы уақытта және көріну деңгейі төмен болған жағдайда мұз үстіне шығуға тыйым салынады.

Қауіпсіздік қағидаларын бұзған жеке тұлғаларға 7 АЕК (2026 жылы 30 275 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

ТЖД тұрғындарды жұқа мұз үстіне шықпауға, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.

Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button