Қоғам
Қалада жүруге қандай қысқы дөңгелек таңдаған дұрыс?
Қалада жүруге қандай қысқы дөңгелек таңдаған дұрыс? Шегелі ме, әлде «жабысқақ» (липучка) па?
— Шегелі шиналар – мұзда және тайғақ жолда жақсы ілінісуді қамтамасыз етеді. Алайда асфальтта шу шығарады, сондай-ақ күрт қозғалу мен тежелу кезінде шегелері түсіп қалуы мүмкін.
— Шегесіз шиналар (липучка) – тыныш әрі жайлы жүруге мүмкіндік береді. Қыста жолдың басым бөлігі тазартылған асфальт болатын қала үшін қолайлы. Бірақ көктайғақта шегелі шиналарға қарағанда ілінісуі төмен болуы мүмкін.



