Құрылтайдың алғашқы сессиясы: Тоқаев қандай нақты тапсырмалар берді?

Бүгін, 28 тамызда Астанада Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуына қатысты бірқатар нақты бастаманы көтерді.
Атап айтқанда, заңнаманы жетілдіру, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту, көші-қон саясатын жаңарту және білікті мамандар мен инвестиция тартуға бағытталған «алтын виза» енгізу мәселелері айтылды.
Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау, кітапхана және баспа ісін дамыту, балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін күшейту мәселелеріне де назар аударылды.
Президент заң шығару жұмысында заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект пен «E-Parliament» жүйесін тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.
Құрылтайдың алғашқы сессиясында айтылған бастамалар алдағы уақытта заңнамалық және мемлекеттік деңгейде қарастырылмақ.



