Қоғам

JOLTAP: 22 мыңнан астам елорда тұрғыны жаңа мамандық меңгерді

Астанада үш жылдан астам уақыттан бері жүзеге асып келе жатқан JOLTAP жобасы арқылы 22 мыңнан астам тұрғын сұранысқа ие жұмысшы және цифрлық дағдыларды меңгерді.

Жоба тұрғындарға қысқа мерзімді практикалық оқу арқылы жаңа мамандық игеріп, жұмысқа орналасуға немесе жеке кәсібін бастауға мүмкіндік береді. Осы уақыт ішінде 30 оқыту бағдарламасы әзірленіп, түлектердің 60 пайыздан астамы жұмысқа орналасқан, ал 2 мыңнан астам адам өз кәсібін ашқан.

2026 жылы JOLTAP аясында 18 мамандық бойынша оқыту жүргізіледі. Оның ішінде тігінші, электргазбен дәнекерлеуші, электр монтаждаушы, наубайшы, бариста, жиһаз жасаушы сияқты жұмысшы мамандықтар бар.

Сонымен қатар қатысушылар графикалық дизайн, SMM, таргетинг, Kaspi-дүкенде сауда жасау, есеп жүргізу және салық салу бағыттарын меңгере алады. Кейбір курстарда жасанды интеллектіні кәсіп пен жарнамада қолдануға үйретеді.

Жоба аясындағы JUMYSTAP.kz платформасында бүгінде шамамен 36 мың жұмыс іздеуші мен 5 мыңға жуық жұмыс беруші тіркелген. Сайтта 6 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған.

Тегін оқуға жазылу және кеңес алу үшін Қабанбай батыр даңғылы, 21а мекенжайындағы «Asia Park» сауда орталығындағы JOLTAP пунктіне немесе Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекенжайындағы Алматы ауданы әкімдігіне жүгінуге болады.

Толық ақпаратты +7 (707) 221-31-31 нөмірінен немесе joltap.kz ресми сайтынан алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button