Қоғам

Астанада ақылы тұрақтар құны өзгерді

Астанада ақылы тұрақтардың жаңа операторы жұмысын бастады

14 қыркүйектен бастап Астанадағы ақылы тұрақтарды басқару «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығына» (ЖҚҰО) берілді.

Тұрақтағы бос орындарды мобильді қосымша мен сайттан нақты уақытта көруге болады. Алғашқы 5 минут тегін. Сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін тұрақ ақысы — сағатына 100 теңге, ал 20:00-ден 08:00-ге дейін тұрақ тегін.

Төлемді Kaspi, Halyk, тұрақ терминалдары және орындардағы QR-код арқылы жасауға болады. Сондай-ақ кейіннен төлеу мүмкіндігі бар — төлемді сол күнгі 23:59-ға дейін жасау қажет.

Тұрақ ақысы бірқатар азаматтарға автоматты түрде қолданылмайды. Олардың қатарында ҰОС және басқа да соғыс ардагерлері, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккендер, электромобиль иелері және кейбір жедел қызмет көліктері бар.

Тұрғындар үшін арнайы абонемент те қарастырылған. Оны тұрақ аймағындағы үйдің иелері және сол мекенжайда тұрақты тіркелген немесе жалдау шарты бар азаматтар рәсімдей алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button