Басты жаңалықТуризм

Пойызбен саяхаттайтындарға жақсы жаңалық: билетті 10% жеңілдікпен алуға болады

Пойызбен сапарға шығуды жоспарлап жүргендер билетті тиімді бағамен ала алады. Ұлттық тасымалдаушы 1 қазаннан бастап теміржол билеттеріне 10% жеңілдік енгізді.

Жеңілдік 2026 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Ол Ұлттық тасымалдаушының пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға қатысты.

Яғни күзгі және қысқы сапарларын алдын ала жоспарлаған жолаушылар билеттерді бұрынғыдан төмен бағамен сатып ала алады.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасынан білуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button