Қоғам

«Жерұйықта» мерекелік көңіл-күй: елордада Қарттар күні аталып өтті

Астананың «Алматы» ауданындағы «Жерұйық» саябағында Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті.

Мереке таңғы сергіту жаттығуынан басталды. Аға буын өкілдері спортпен шұғылданып қана қоймай, дәрігерлердің кеңесін де алды. Мамандар олардың қан қысымын, бойы мен салмағын, қандағы қант деңгейін тексеріп, денсаулықты күтуге қатысты пайдалы кеңестер берді.

Шараның соңы ән мен биге ұласты. Әншілер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, саябаққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Көңілді жүздер, жақсы тілектер мен көтеріңкі көңіл-күй – бұл күннің басты атмосферасына айналды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер аға буынға құрмет көрсетіп, олардың белсенді өмір салтын қолдауға бағытталғанын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button