Басты жаңалықҚоғам
Екі облыстың ең дәмді 400 тонна өнімін осы демалыс күндері сатып алуға болады
Демалыс күндері Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облысының өнімдерін бір жерден сатып ала алады. Екі өңірдің тауар өндірушілері елордаға 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді.

Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысының фермерлері 50-ден астам түрлі өнім әкеледі. Сауда сөрелерінен ет пен сүт өнімдері, балық, бал, өсімдік майы, жарма, шұжық өнімдері, қымыз, ұлттық тағамдар және басқа да азық-түлікті табуға болады.
Ал Ақтөбе облысынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен өңдеуші кәсіпорын қатысады. Сонымен қатар өңірдің 12 ауданынан фермерлер өз өнімдерін ұсынады.
Яғни елорда тұрғындарын екі облыстың өнімдері ұсынылатын ауқымды жәрмеңке күтеді.
Жәрмеңке Қарқаралы көшесі, 1 мекенжайындағы ипподром аумағында өтеді.



