Мәдениет

«ТЕАТР ALL» халықаралық фестивалі Астанада

«ТЕАТР ALL» халықаралық фестивалі Астанада басталды

1–7 қазан аралығында Астанада IV Халықаралық «ТЕАТР ALL» театр фестивалі өтеді. Биылғы фестиваль Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған.

Бір апта бойы көрермендерге Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан театрлары, сондай-ақ Маңғыстау, Ақмола, Түркістан, Атырау және Ұлытау облыстарының театр ұжымдары мен елорданың жетекші театрлары өз қойылымдарын ұсынады.

Фестивальдің ашылуы 1 қазанда Жас көрермендер театрында өтеді. Бағдарлама қызыл кілеммен салтанатты шеру және фестивальдің ресми ашылу рәсімінен басталады.

Алғашқы қойылым ретінде Ғабит Мүсірепов пен Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі сахналанады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button