Қоғам
Астанада қандай жолдар жабық?

🚧 Астанада қандай жолдар жабық?
14 қазанға дейін
Халықаралық саяси іс-шараларға дайындық пен оларды өткізуге байланысты кейбір көшелердің жекелеген учаскелерінде қозғалыс уақытша шектеледі. Нақты көшелердің тізімі әзірге жарияланбаған.
Басқа уақытша шектеулер
- 10 қазанға дейін: Абайдың 150 жылдығы көшесін Тілендиев көшесінен Бейбарыс сұлтан көшесіне дейін салу жұмыстарына байланысты Бейбарыс сұлтан көшесінен Сұлкөл көшесіне дейінгі учаске толық жабылады.
- 1 желтоқсанға дейін: құрылыс жұмыстарына байланысты Соқпақбаев көшесінің Бейсекова көшесінен Күмісбеков көшесіне дейінгі бөлігі жабық.
- Tarlan Astana құрылысы: екінші кезектің құрылысына байланысты қозғалыс мына учаскелерде ішінара шектелген:
– Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі бөлігі;
– Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігі.
📅 Жыл соңына дейін қандай жолдар жабылады?
- Ақмешіт пен Алматы көшелерінің қиылысы: Алматы көшесі бойымен туннель салу жобасына байланысты қозғалыс 2026 жылдың соңына дейін шектеледі.
- Алматы көшесі: Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаске 2026 жылдың соңына дейін толық жабылады. Алматы – Түркістан және Алматы – Мәңгілік Ел қиылыстары ашық болады.
- Алматы көшесі: Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде де 2026 жылдың соңына дейін қозғалыс жабылады.
- «Өнеркәсіп» тұрғын алабы: су құбыры, кәріз және нөсерлік кәріз желілерін тартуға байланысты Атамұра, Көкарал және Қолтеген көшелері уақытша жабылған. Қаржыландыру жеткілікті болған жағдайда, жұмысты 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Жүргізушілерге жолға шығар алдында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескерген жөн.



