Басты жаңалықҚоғам

Енді автобусты ұзақ күтпейсіз: қосымша көліктер жолға шықты

Астанада қоғамдық көліктің 16 бағытына қосымша автобустар шығарылады. Бұл өзгерістер жолаушылардың аялдамада күту уақытын қысқартуға және қатынауды ыңғайлы етуге бағытталған.

«City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, 11 қалалық бағыттағы автобустар саны жұмыс және демалыс күндеріне қарай жалпы 22 бірлікке артады. Сонымен қатар бес экспресс бағытқа тағы 10 автобус қосылады.

Демалыс күндері өзгерген бағыттар

10 қазаннан бастап мына бағыттардағы автобустар саны көбейді:

  • №12 — 11-ден 12 автобусқа;
  • №37 — 10-нан 12 автобусқа;
  • №46 — 15-тен 16 автобусқа;
  • №50 — 12-ден 14 автобусқа;
  • №64 — 11-ден 12 автобусқа.

Жұмыс күндері өзгерген бағыттар

12 қазаннан бастап келесі бағыттарда автобустар саны артты:

  • №3 — 18-ден 20 автобусқа;
  • №4 — 16-дан 20 автобусқа;
  • №5 — 16-дан 20 автобусқа;
  • №35 — 16-дан 18 автобусқа;
  • №36 — 17-ден 18 автобусқа;
  • №63 — 22-ден 24 автобусқа.

Экспресс бағыттарға да қосымша автобустар шығады

Күн сайын қатынайтын бес экспресс бағыттағы автобус саны да көбейтіледі:

  • №502 — 12-ден 14 автобусқа;
  • №505 — 12-ден 14 автобусқа;
  • №506 — 10-нан 12 автобусқа;
  • №507 — 10-нан 12 автобусқа;
  • №508 — 10-нан 12 автобусқа.

Қосымша автобустардың шығуы қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсартып, жолаушылардың жолға кететін уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button