Басты жаңалықСпорт

Астанада AUYL SPORT – 2026 республикалық турнирі өтуде

3–7 қараша аралығында Астанада AUYL SPORT – 2026 республикалық турнирі өтті. Биылғы жарысқа еліміздің 17 өңірінен іріктелген 1700 жас спортшы қатысып, спорттың сегіз түрінен бақ сынады.

Турнирді Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр. Қатысушылар бокс, еркін күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және шағын футболдан өзара мықтыны анықтайды. Жүлде қоры 15,5 млн теңгеден асады.

Биылғы басты жаңалық – үздік нәтиже көрсеткен ауылдарда спорт инфрақұрылымын дамыту. Жоба аясында еліміздің 10 ауылында ашық спорт алаңдары салынады. Оның алғашқы үшеуінің құрылысы биыл басталады. Алаңдар ауылдағы барлық балаға қолжетімді болады.

Жоба үш маусымда еліміздің 17 өңіріндегі 400-ден астам ауылдан 12 мың баланы спортқа тартты. Сонымен қатар ауыл спортшылары халықаралық жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 2025 жылы жоба өкілдері ISF U-15 Гимназиадасында үш алтын және бір қола медаль жеңіп алған.

Halyk қайырымдылық қоры жас спортшылардың жарысқа қатысуына байланысты жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын да өтейді. Бұдан бөлек, ауыл жаттықтырушылары мен төрешілерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты – ауыл балаларына спортпен тұрақты айналысуға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби деңгейде дамуына жағдай жасау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button