ӘлемБілім

Astana ESG Forum 2026 халықаралық форумы

 

5 қарашада Астанада ESG саласына арналған халықаралық сарапшылық форум ұйымдастырылады.

Astana ESG Forum 2026 шарасына 200-ден астам қатысушы мен 30-дан астам спикер қатысады деп жоспарланған. Бағдарлама төрт негізгі сессиядан тұрады.

Форум аясында Қазақстандағы ESG күн тәртібінің стратегиялық бағыттары, экологиялық тұрақтылық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару мәселелері талқыланады.

Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі – экологиялық міндеттемелерді нақты нәтижелерге айналдыру. Сонымен қатар әлеуметтік капиталды дамыту, инклюзивтілік және компаниялардың басқару жүйесіндегі ашықтық мәселелері қарастырылады.

Іс-шара мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.

Күні: 5 қараша 2026 жыл.

Уақыты: 09:00–18:00.

Өтетін орны: Астана, Мәңгілік ел даңғылы, 55/19, C3.4 блогы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button