Қоғам

«Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі басталды: ет бағасы қанша?

Астанада дәстүрлі «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі басталды. Еліміздің бірнеше өңірінен келген фермерлер ет өнімдерін үш сауда алаңында тиімді бағамен ұсынып жатыр.

Жәрмеңкеде сиыр етінің келісі – 3 300 теңге, жылқы еті – 3 500 теңгеден, қой еті 3 700 теңгеден сатылуда.

Саудаға Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Абай және еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген шаруалар қатысып отыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкеде апта сайын орта есеппен 150-200 тонна ет сатылады. Маусым соңына дейін бұл көрсеткіш 1 000 тоннадан асады деп жоспарланған.

Сатылымдағы барлық ет зертханалық тексеруден өтеді. Ал бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы қадағаланады.

Жәрмеңке 2026 жылдың соңына дейін әр демалыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

  • Keruen Joly сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
  • «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
  • Jurt сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.

Аталған сауда орындарына бірнеше қоғамдық көлік бағыты қатынайды. Жәрмеңкеге барушылар ет өнімдерін делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button