«Алматы» ауданында 27 аула жаңартылды

«Алматы» ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 27 аулада кешенді абаттандыру жүргізілді.
Ауданда 300-ден астам аула бар. Тұрғындардың iKOMEK 109 платформасы арқылы жолдаған өтініштері де назарға алынып, биыл тағы 75 аулада жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Оның ішінде балалардың ойын және спорт алаңдары жаңартылды.
Сонымен қатар 12 қоғамдық кеңістік қайта жаңартылып, жаңа демалыс орындары ашылды. Бұл аумақтар тұрғындарға серуендеп, спортпен айналысып, бос уақытын өткізуге қолайлы бола түсті.
Ауданда көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде. Жыл басынан бері:
1 309 ағаш
12 448 көпжылдық гүл
194 779 біржылдық гүл
18 890 сәндік бұта отырғызылды.
Бұдан бөлек, 6 мың шаршы метр аумаққа көгал себілді.
Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыстардың мақсаты – аулалар мен қоғамдық орындарды жаңартып, аудан тұрғындары үшін таза, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.



