Денсаулық

Астанада балалар травматологиялық пунктінің жаңа корпусы ашылды

Астанада №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне арналған жаңа корпус пациенттерді қабылдай бастады. Жаңа ғимарат балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетудің мүмкіндіктерін кеңейтіп, диагностика мен емдеу сапасын арттыруға бағытталған.

Screenshot
Screenshot

Қосымша корпустың жалпы ауданы 2 678 шаршы метрден асады. Мұнда реанимациялық зал, операциялық блок, компьютерлік томография және рентген диагностикасы кабинеттері орналасқан. Заманауи медициналық жабдықтар жарақат алған балаларды жылдам тексеріп, қажетті емді жедел бастауға мүмкіндік береді.

Ауруханаға күн сайын түрлі жарақаттармен шамамен 400 бала жүгінеді. 2025 жылы медициналық мекемеде 112 775 өтініш тіркелген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,7 пайызға көп.

Жаңа ғимараттың іске қосылуы пациенттерді қабылдау және бағыттау жүйесін жақсартуға, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге, сондай-ақ медициналық көмекті күту уақытын қысқартуға ықпал етеді.

Балалар ауруханасы туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Травматологиялық пунктте травматологтар, хирургтер, анестезиолог-реаниматологтар және диагностика мамандары жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button