Қоғам

Астана және тағы 9 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

18 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін. «Қазгидромет» қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жариялады.

Ауадағы зиянды заттардың таралуына желдің әлсіздігі, тұман және температуралық инверсия әсер етуі мүмкін. Мұндай кезде ластаушы заттар жерге жақын қабатта жиналып, ауа сапасы төмендейді.

Ескерту Актөбе, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Талдықорған, Өскемен және Павлодар қалаларына қатысты. Түнгі уақытта Астана, Атырау және Көкшетауда да қолайсыз жағдай күтіледі.

Мамандар тұрғындарға, әсіресе балалар мен тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдарға, ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button