Мәдениет

«Ел салтанаты» Астанада

1955 жылы Алматыда құрылған «Салтанат» мемлекеттік би ансамбліне биыл 70 жыл. Осы уақыт аралығында ансамблдің құрамы, шығармашылық жетекшілері, хореографтары ауысқанымен негізгі мақсаты — ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын сақтап, әлем халықтарының би өнерін насихаттау өзгермеді. Алғашында ұжым «Алтынай» фольклорлық-этнографиялық бағытта құрылған, кейін 1989 жылы «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі болып атауы өзгерді.

30 қараша Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында  «Салтанат» мемлеккеттік би ансамблі Астаналық көрерменге мерейтойлық концертін паш етті. Фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеумен қазақтың ұлттық биі мен әлем халықтарының хореграфиялық қойылымдары көрермен назарына ұсынылды. Кеш бойы залдағы көрермен ұжымның шеберлігіне, би өнері арқылы адамның көңіл-күйі, әлде бір оқиға мазмұны, қуаныш пен қайғының қозғалыс пен қимыл арқылы жеткізгеніне тәнті болды. Кешке Астанадағы мемлекеттік би ұжымдары да құттықтап  келіп өз өнерлерін көрсетті. Әуен мен ырғақ қимыл мен қозғалыстың үндескен ғажап кеші көңілді де, көзді де қуантты.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button